Денсаулық

QazVac дельта штамнан қорғай алады – зерттеу қорытындысы

  • https://sputnik.kz/

    https://sputnik.kz/

Қазақстандық QazVac вакцинасы "Дельта" штамнан қорғай алады. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының мамандары осындай қорытынды жасады.

 

"Зерттеу отандық QazVac вакцинасын салдырғандарда антиденелер деңгейі жоғары екенін көрсетті. Вирусқа қарсы денелер зерттеуге қатысқандардың 90 процентінде табылды", - деп жазылған білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Сондай-ақ, зертханалық жануарларға да сынақ жасалды. QazVac вакцинасынан кейінгі антиденелер алақоржында да табылды. Ол антиденелер коронавирустың үнді штамына төтеп бере алады.

 

"Вакцина коронавирустың Ухань, альфа-британиялық, дельта штамдарына қарсы тұра алатынын көрсетті", – деді ғылыми институт бас директоры Күнсұлу Закарья.

 

Айта кетері, QazVac вакцинасын Қазақстанның білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институты өндірген болатын.

 

2021 жылдың басынан бері ресейлік және қытайлық мамандар әзірлеген препараттармен қатар қазақстандықтарды вакциналау үшін қолданылып келеді. QazVac 18 жастан асқан адамдарға салынады.

 

 

 

sputnik.kz

 




Көрілген: 550    Пікірлер: 0

жұма, 24.09.2021, 10:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31