Денсаулық

QazVac-тың штамдық құрамы өзгереді

  • QazVac-тың штамдық құрамы өзгереді

    QazVac-тың штамдық құрамы өзгереді

Коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасының құрамы өзгереді. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, коронавирусқа қарсы QazVac қазақстандық вакцинаның авторы Күнсұлу Закарья мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің ел аумағына дельта штамы келген сәттен бастап, Үкіметтің тапсырмасына сәйкес оны зерттеуге кірістік. Клиникаға дейін зерттеу жануарларға жүргізілді. QazVac-тың штамдық құрамын өзгерту арқылы жануарларға жүргізілген зерттеу жоғары нәтиже көрсетті. Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігінің ресми рұқсатын күтіп отырмыз. Яғни QazVac құрамындағы Ухань штамын Дельта штамына ауыстыратын боламыз. Зерттеу нәтижесімен танысып, министрлік рұқсат берген жағдайда, QazVac-тың келесі партиясы жаңа құраммен дайындалады. Әрине біздің ғалымдар тәуекелге барып отыр. Дегенмен тәуекел ақталып, оң нәтижеге қол жеткізіп отырмыз», - деді Күнсұлу Закарья ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, отандық вакцина құрамындағы штамды ауыстыру және оны жануарларға сынау жұмысына 2 ай жұмсалған. Бұған дейін К. Закарья отандық вакцинаны үш кезең бойынша клиникалық зерттеудің аяқталғанын мәлім етті.

ҚазАқпарат




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 14:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31