Денсаулық

А. Цой Алматыдағы «Мега» СОО-дағы вакцинация пунктіне барды

  • А. Цой Алматыдағы «Мега» СОО-дағы вакцинация пунктіне барды

    А. Цой Алматыдағы «Мега» СОО-дағы вакцинация пунктіне барды

Алматыға жұмыс сапары кезінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «MEGA Alma-Ata» СОО вакцинациялау пунктінде болып, оның жұмысының ұйымдастырылуымен танысты. Ол процедураның қауіпсіздігі үшін барлық жағдайлардың, соның ішінде вакцинаны сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтардың бар-жоғын тексеріп, вакцинация алғысы келетіндерді қабылдау алгоритмінің сақталуына көз жеткізді.


Пациенттермен әңгіме барысында министр хал-жағдайы туралы сұрады және СОО алаңында жасалған жағдайлар туралы адамдардың пікірлерін мұқият тыңдады.
№ 4 емхананың бас дәрігері, вакцинация жөніндегі үйлестіруші Зухра Омарованың айтуынша, күн сайын сауда орталығына екпе салғысы келетіндер көп. Пункт 10 сәуірде жұмыс істей бастады, ал 6 күн ішінде мұнда 1,5 мың адам немесе күніне орта есеппен 285 адам коронавирустық екпе алды.
«Халық ықыласпен келеді. Кейбіреулер жұқтыру қаупіне ұшырамау үшін емханаға барудан аулақ болады, ал дені сау адамдар осында келеді. Келушілер үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Әзірге вакцинаны енгізуге жағымсыз реакциялардың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ», - дейді маман.


65 жастан асқан қарт адамдар вакцинацияны алу үшін СОО-ға жүгінеді. Пациенттердің арасында 92 жастағы ата бар, ол вакцинацияға ниет білдіріп, оған вакцина берілді.
Сауда орталықтарындағы егу пункттері барлық қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, пациентті міндетті түрде тексеріп, сұрастыра отырып жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Вакцинациядан кейін 30 минут ішінде әр пациент бақылауда болады. Кейін оның денсаулық жағдайы өзі тіркелген емхананың бақылауына өтеді.


Бүгінгі таңда Алматыда медициналық мекемелерді, мектептерді, СОО мен базарларды қоса алғанда, жалпы 208 екпе пункті жұмыс істейді.




Көрілген: 790    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 21:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31