Денсаулық

Адам денсаулығына аса қауіпті дәрі Қазақстанда еркін саудаланып жатыр

  • © аstanatv.kz

    © аstanatv.kz

Еуропада сатылымнан шыққан дәрі Қазақстанда еркін саудаланып жатыр.


Мамандар демікпеге қарсы «Эреспал» препаратын денсаулыққа аса қауіпті деп таныды. Құрамында фенспирид бар дәріні Францияда сату тоқтатылған. Бұл туралы «Сервье» фармакологиялық компаниясының Ресейдегі өкілдігі ресми сайтында жариялады.


Алайда, адам өміріне аса қауіпті препарат қазір Қазақстанда еркін саудаланып жатыр. Эреспал - демікпе, ринофарингит, ларингит және қызылша секілді бірнеше ауруды емдеуге арналған. Бірақ, мамандар препарат жүректің тоқтауына әкелетінін анықтады. Сондықтан, оны ұқсас дәрімен алмастыруды ұсынады.


Қазақстандық Денсаулық сақтау министрлігі бұған қатысты әзірге жақ ашпай отыр. Ал, дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы «Эреспал»-дың қауіпін біледі. Бірақ, қандай да бір шешім шығуруға қауқарсыз.


Мәлік ӘБДІРАХМАНОВ, ҚР ДСМ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


- Дәріні шығарушы компанияның өзі ерікті түрде бұл препараттың адам өміріне қауіпті екенін растап, бізге хабарлап отыр. Кез келген дәрінің өз мерзімі болады. Біз қазір жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Бірақ, біздің қандай да бір шешім шығаруға құзыретіміз жоқ.


astanatv.kz 




Көрілген: 822    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.02.2019, 09:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31