Денсаулық

"Адамдар коронавирустан емес, дұрыс емес емнің кесірінен өліп жатыр": Қазақстандық дәрігер Тоқаевқа жанайқайын жеткізді

  • "Адамдар коронавирустан емес, дұрыс емес емнің кесірінен өліп жатыр": Қазақстандық дәрігер Тоқаевқа жанайқайын жеткізді

"Демалу аппараттарына қосылуға асықпаңыздар" деп өкпе зақымдану кезінде қалай демалу керегін үйретіп, кеңес беріп жүрген Айна есімді дәрігер Тоқаевқа емдеу хаттамасының дұрыс емес екенін айтып үндеу жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Адамдар коронавирустан емес, дұрыс емес емнің кесірінен, өкпенің ісігінен өліп жатыр. Менде нақты дәлелдер бар. Мәселен, кеше бір адамды қарадым. Жансақтау бөліміне түскен күні өкпесінің 20 пайызы зақымданған. Екі күннен соң өкпесінің жартысына су толған. Мен өкпедегі суды ажырата аламын. Үшінші күні өкпенің тұтас зақымдануы болған. Бірақ бұл ковидті қабыну емес! Қазір жансақтау бөлімдерінде тамырдан ем жүргізіліп жатыр. Дәл осы ауру түріне бұл емнің қажеті жоқ. Оның үстіне, Қазақстанда дәл қазір, дәл осы ауру түріне арналған арнайы ерітінді жоқ. Тұз ерітінділері тіннің ісінуіне алып келеді", - дейді дәрігер.


Емдеу шаралары дұрыс жүргізілетін болса, ауыр жағдайдағы науқастардың өзін аман алып қалуға болады дейді дәрігер. Ол адамдардың дұрыс ем жүргізбеуінен көз жұмып жатқанын үлкен сенімділікпен айтуда.

"Біз онсыз да аз халықпыз. Бұлай кете берсе, шыбын құсап, қырылып қаламыз. 35-40 жастағы жап жас жігіттер қайтыс болып жатыр. Олар дұрыс емес емдеу протоколының кесірінен қайтыс болып жатыр. Қаншама үлкен көлемдегі антибиотик препараттар негізсіз тағайындалуда. Мен мұны - фармкомпаниялардың мүддесін тықпалау деп күдіктенемін. Олар адамдардың бауырын отырғызып, бүйрек жетіспеушілігі ауруын туындатуда", - дейді дәрігер.

Сонымен қатар, дәрігер дәріханалардың да тек ақша үшін жұмыс жасап, адамдардың бүйрегі мен бауырына зақым келтіріп жатқанын айтады. Дәр-дәрмектің бағалары қаншалықты қымбат болғанымен, оның ешқандай пайдасы жоқ екенін кесіп айтты дәрігер.

"Дәріхана желісінің жұмысы дәл қазіргі тірлігіне ашулымын. Дәріхана қожайындары – сіздер тонаушысыздар! Жекеменшік клиника дәрігерлері бағасы қымбат дәрілерді тағайындауда. Әріптестер, бұлай істеуге болмайды, доғарыңыздар! Сіздер мұның бәрінің бауырға қалай әсер ететінін білесіздер ғой. Бұл ұлттың денсаулығы. Сіздер мені естиді деп ойлаймын", - дейді Айна.

 

https://www.instagram.com/densaulik_/?utm_source=ig_embed




Көрілген: 757    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.07.2020, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31