Денсаулық

Адамдар өз беттерімен ем қабылдағандықтан реанимацияға түсіп жатыр

  • Адамдар өз беттерімен ем қабылдағандықтан реанимацияға түсіп жатыр

    Адамдар өз беттерімен ем қабылдағандықтан реанимацияға түсіп жатыр

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг барысында елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады.


Оның айтуынша, жансақтау бөлімінде 230 науқас жатыр. Оның ішінде коронавирус инфекциясына шалдыққандар 203 адамды құрайды. 70 науқас өте ауыр халде болса, 47 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылыпты.

"Азаматтар өз беттерімен үй жағдайында емделулеріне байланысты жұқпалы аурулар ауруханаларына ковидтің ауыр түрімен түсіп жатқанын атап өткім келеді. Медициналық көмекке бірден жүгінбеу, дәрігердің қарауынсыз тікелей антикоагулянттармен емделу науқастарды реанимация бөлімшесіне ауыстыруға тура келеді", - деді Тимур Мұратов.


Әсіресе, үлкен жүктеме жедел жәрдем бригадалардың жұмысында байқалып тұрған көрінеді. Тек өткен тәулікте жедел жәрдем станциясына 4 мыңнан астам қоңырау түссе, шақыртулар саны – 2 300-ді құраған. Ал коронавирус инфекциясы бойынша қоңыраулар саны тәулігіне 300-ден астам жетіп отыр.

Сонымен қатар азаматтарда коронавирусты анықтау үшін зертханалық зерттеулер көбейген. Барлығы 1,8 миллионға жуық ПТР әдісімен зертханалық зерттеулер жүргізілді, тәулігіне 1 369 жаңа жағдайлар тіркелген.

Мобильді бригадалар күніне 2 мыңнан астам шақыртуларға барады. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы АМСК ұйымдарында 10 600-ден астам науқас коронавирустық инфекциясымен ем алып жатқанын айтты.

Baq.kz




Көрілген: 845    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.07.2021, 13:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30