Денсаулық

Ағзадағы артық майларды жоғалтып, қан қысымын төмендететін өнім анықталды

  • Көрнекі фото: Joanna Kosinska, Unsplash.com

    Көрнекі фото: Joanna Kosinska, Unsplash.com

Америкалық ғалымдар адам ағзасындағы артық майлардан құтылып, қан қысымын төмендетуге көмектесетін өнім түрін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы tvzvezda.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

АҚШ ғалымдарының айтуынша, пісте жемісін тұрақты түрде қолдану артық салмақтан арылуға мүмкіндік береді және қан қысымын азайтуға жағдай жасайды.

 

Мамандар мұндай қорытындыға ондаған еріктіге тәжірибе жүргізу барысында келген. Еріктілердің жартысы төрт ай бойы күн сайын 40 грамнан астам пістені жеп отырған.

 

Одан бөлек еріктілерге дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстануға қатысты бірқатар кеңес берілген деп жазады La Vanguardia.

 

Нәтижесінде тәжірибе сәтті аяқталып, барлық еріктілер өзінің алғашқы салмағының бес пайызын жоғалтқан. Еріктілердің дені бел тұсындағы артық майларынан арылған.

 

"Пісте жеген еріктілердің қосымша артықшылықтары болды. Бірінші кезекте, систоликалық және диастоликалық артериалдық қан қысымының төмендеуі", - дейді ғалымдар.

 

Сонымен қатар, тәжірибеге қатысқандардың ағзасынан лютеин антиоксидантының, альфа-каротин мен бета-каротиннің мөлшері көбірек болған және қанық емес май қышқылдары мен қанық май қышқылдарының арақатынасы оң көрсеткіштерге жеткен.

 

Еске салсақ, бұған дейін біз мамандар адам миына ерекше пайдалы өнімдердің тізімін жариялағанын жазған болатынбыз.

 

Одан бөлек, мамандандырылған фитнес-жаттықтырушы артық салмақтан арылуға көмектесетін мінсіз таңғы ас мәзірін атаған еді.




Көрілген: 2191    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.09.2020, 09:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31