Ажар Ғиният бұрынғы вице-министр Әбішевтің үстінен арыз жазды

Ажар Ғиният бұрынғы вице-министр Әбішевтің үстінен арыз жазды

Бұл туралы елордада өткен апелляциялық сот барысында бұрынғы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас Әбішев мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Ұлыммен жаттығу залында жүргенімде, кеше полициядан хабарласып, менің атыма қазіргі министр Ажар Ғинияттан арыз түскенін айтты. Бір нәрсе ғана белгілі, ол – осы сот процесінде айтылған ақпаратқа қатысты екендігі. Мен қатты таңқалдым. Себебі сотта мәлім болған ақпараттың барлығы ашық дереккөздерден алынған, ешқандай инсайдерлік ақпарат жоқ. Неліктен менің үстімнен арыз жазылғанын түсіне алмадым. Адвокат Берсанова полицияға барып, арызбен танысуға сұрап еді, бермеді. Өз басым бұл әрекетті маған жасалған қысым деп түсінемін. Бұл сотта біз қазіргі Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының барлық жағымсыз жағы мен жұмыстағы немқұрайлылығын көрсетіп жатырмыз. Ажар Ғиният ханымға осы ұнамай қалған болуы тиіс, - деп атап өтті Олжас Әбішев.

 

Айтуынша, шындықты білу үшін адвокатымен анық-қанығын анықтаймыз деп отыр.  

 

Түстен кейін барып, материалмен танысып, арыздың мән-жайын білгелі отырмыз, - деді ведомствоның бұрынғы басшысының орынбасары.

 

Ал апелляциялық сотқа қатысқан ведомство өкілдері өз уәжін алға тартты.

 

Белгілі болғандай, арызда сөз Біртанов пен Әбішевке тағылған айыпқа қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы электрондық петиция сөз болған. Қол қойғандардың арасында министр Ажар Ғинияттың да аты-жөні кездескен, оның деректері бар скриншотты сот отырысында Олжас Әбішев апелляциялық өтінішін жариялау барысында көрсеткен. Министр полицияға жазған арызында петицияға электрондық қолын қоймағандығын айтып отыр.

 

Еске сала кетейік, жылы 28 қазанда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевтің ісіне қатысты сот шешімі шыққан болатын. Сот Біртановты Қылмыстық кодекстің 3-тармақ 4-бөлім 3 61-бабында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып және бес жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады. Ал Елжан Біртановтың орынбасары болған Олжас Әбішевке 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгілеу туралы шешім шығарды.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста