Денсаулық

Ақмолада 26 адамды емханаға тіркеуден бас тартудың себебі түсіндірілді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы өңірде 26 адамды емханаға тіркеуден бас тартудың себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Облыс бойынша емханаларға тіркелген халықтың саны 770 770-ке жеткен. Алайда, 26 ақмолалықты емханаға тіркеуден бас тартылды.


Қордың мәліметінше, тұрғындарды алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету ұйымдарына тіркемеудің басты себебі - бұл жеке куәлігі, ҚР азаматтығының, ҚР тұрғылықты менжайы бойынша тіркелгендігін айғақтайтын құжаттарының жоқтығы себеп болған.


«Қазір баланы емханаға онлайн тіркеуге болады. Балаларды емхананаға тіркеу қызметі электронды үкімет порталы және Telegram-боте egov.kz қарастырылған», деп түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалынан.


«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы қызметті әзірлеушілерінің сөзінше, портал арқылы қызмет алу үшін азаматтың egov.kz тіркелуі және электронды сандық қолтаңбасы (ЭСҚ) болуы қажет. Сонымен қатар, онлайн қызмет 2007 жылы туған балаларға көрсетілмейді.


«Ең алдымен қолданушы «Денсаулық» бөлімінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымды, артынан балаларға қызмет деген пунктті таңдайды. Жүйеге баланың ЖСН-ні теріледі де, ақпарат АХАЖ бөліміне туыстық қатынасты анықтауға жіберіледі. Бұдан соң онлайн өтініш жазылады. Онда медициналық ұйым мен учаскелік дәрігер таңдалады. Көп ұзамай тұрғынның жеке кабинетінде аталған өтініштің қабылданғаны болмаса қабылданбағаны белгілі болады. Қызмет көрсету мерзімі - бір жұмыс күні», деп толықтырды ведомстводан.


Сонымен қатар, ведомствоның мәліметі бойынша Telegram Bot арқылы қызмет алу үшін https://t.me/EgovKzBot сілтемесіне кіріп, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымның қызметін таңдау қажет. Бұдан кейін «Бастау» (Старт) тетігін басып, ұялы телефонның нөмірін чатта пайдалануға рұқсат беру керек. Әрі пайдаланушының мобильді азаматтар базасында тіркелуінің болуы шарт.


Айта кетейік, қазіргі кезде Қазақстанда халықты емханаларға тіркеу науқаны жүріп жатыр. Науқан 2018 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасатын болады.


 




Көрілген: 617    Пікірлер: 0

жұма, 02.11.2018, 14:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30