Денсаулық

АҚШ-та дәрігер қайтыс болды. Әйелі оның Pfizer вакцинасын салдырғанын айтты

  • АҚШ-та дәрігер қайтыс болды. Әйелі оның Pfizer вакцинасын салдырғанын айтты

    АҚШ-та дәрігер қайтыс болды. Әйелі оның Pfizer вакцинасын салдырғанын айтты

АҚШ-та Pfizer вакцинасын салдырған дәрігер екі аптадан кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылым мәліметінше, қайтыс болған дәрігердің әйелі Хайди Некельманн жолдасы 56 жастағы Грегори Майкл 18 желтоқсанда вакцина салдырып, 16 күннен соң қайтыс болғанын айтқан.

"Меніңше, оның өлімі 100 пайыз вакцинамен байланысты. Басқа нұсқа жоқ", - дейді Некельманн.
 
Оның айтуынша, Майкл салауатты өмір салтын ұстанған, темекі шекпеген, кейде ғана алкоголь ішкен.

Дәрігер вакцинаны салдырған соң үш күннен кейін қолында және аяғында қызыл дақтарды байқаған. Тексеру кезінде науқасқа тромбоциттердің жетіспеушілігі деген диагноз қойылған.

Pfizer баспасөз қызметінің өкілдері дәрігердің өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтты. Компания мамандары вакцина мен ер адамның өлімі арасындағы тікелей байланыс барына дәлел жоғын атап өтті.

Айта кетейік, америкалық Pfizer компаниясы мен оның неміс серіктесі BioNTech ұсынған bnt162b2 препараты Еуропалық Одақ билігі мақұлдаған Covid-19-ға қарсы алғашқы вакцина.

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 1765    Пікірлер: 0

жұма, 08.01.2021, 10:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31