Денсаулық

АҚШ-тың бас инфекционисі "омикрон" штамының ерекшеліктерін атады

  • АҚШ-тың бас инфекционисі

    АҚШ-тың бас инфекционисі "омикрон" штамының ерекшеліктерін атады

Коронавирустың "омикрон" штамы оңай жұғып, вакцина әсеріне қарсы тұруы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тың бас инфекционисі Энтони Фаучи Ақ үйде өткен брифингте айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мутациялардың молекулалық профилі оның оңай жұғуы мүмкін екенін және вакциналар беретін қорғаныстан ішінара аулақ бола алатынын көрсетеді. Бірақ біз нақты білмейміз... Біз бәріне дайын болуымыз керек", - деді Фаучи.
Дәрігер қалада коронавирустың "омикрон" штамы пайда болған жағдайда міндетті түрде медициналық маска киіп, сақтық шараларын сақтау керек екенін ескертті.

"Екпе салдырыңыздар, екінші, үшінші дозаларын да салдыру керек. Үйде, жақын адамдардың ортасында барлығының вакцинацияланғанын білсеңіз, бетпердесіз өзіңізді қауіпсіз сезінесіз. Егер қоғамдық орындарда болсаңыз және басқалардың вакцинация мәртебесін білмесеңіз маска киген дұрыс ", - деді Фаучи.
 
 
1 желтоқсанда CNN Америка Құрама Штаттарында "омикрон" штамын жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелгенін хабарлады. Елдің бас инфекционисі бұл ақпаратты растады.

"Саяхатшы Оңтүстік Африкадан 22 қарашада оралған, оның сынамасы 29 қарашада оң нәтиже берді. Ол өзін-өзі оқшаулады, онымен жақын қарым-қатынаста болғандарда тест теріс нәтиже көрсетті. Ол толықтай вакцинацияланған және жеңіл белгілері бар", - деді Фаучи.




Көрілген: 1902    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.12.2021, 10:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"
    17 Желтоқсан 2021
    Пандемия қашан аяқталады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31