Денсаулық

Ақтауда тоқ соққан адамға келмеген жедел жәрдемді куәгер бекетке жаяу жүгіріп барып шақырған (видео)

  • Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтауда жедел жәрдем көлігі электр тогы соққан ер адамның шақыртуына асықпаған. 10 минут бойы күткен оқиға куәгері жедел жәрдем бекетіне өзі жүгіріп келген деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Ақтау қаласының маңында төтенше жағдай орын алды. Оқиғаның куәгері түсірген видео Facebook-тегі Елден хабар парақшасында пайда болды.

 

Ер адам электр өткізгіш желісінің мұнарасында жұмыс істеп тұрған. Кенет өткізгіш сым үзіліп кетеді. Ер адамды ток соғып, жерге құлайды. Оқиға куәгерлері бірден жедел жәрдем шақырған.

 

Шамамен бір шақырым жерде орналасқан оқиға орнына шақырту алған жедел жәрдем бригадасы асықпапты.

 

Видеоны түсірген ер адамның ентіккен дауысынан бекеттің жақын маңда орналаспағанын аңғаруға болады.

 

Оның сөзінше, жедел жәрдемді оқиға орнына шақыру үшін, 10 минутта жаяу жүгіріп келуге мәжбүр болған.

 

Кезекші бөлімді іздеген ер адам бірден бекеттің ішіне жүгіріп кірген.

 

"10 минут болды ғой қоңырау шалып жатқанымызға, адам өліп жатыр ана жақта, қане, тездетіңдер, әлі жүрсіңдер ме? Адамды ток ұрып жатыр, жоғарыдан құлап түсті. 10 минутта жүгіріп келдім. Жұмыстарың осы ма сендердің?", - дейді ол.

 

Жедел жәрдем қызметкерлері ентіккен жігітті өздерімен бірге көлік салонына алмай қояды. Жедел жәрдем көлігін шақырушы жігіт қайтадан ток соққан ер адамның жанына жаяу жүгіріп жетті.

 

Ол өзі барғанда медицина қызметкерлерінің шай ішіп отырғанын айтты.

 

Lada.kz басылымының жазуынша, оқиғаның куәсі болған жергілікті тұрғынның есімі - Әділ Түркменбаев. Ол төтенше жағдайдың 28 сәуірде сағат 16.00 шамасында Мұнайлы ауданында орын алғанын айтады.

 

"Медиктер келмеген соң, мен бекетке өзім жүгіріп бардым. Ішке кірсем, медқызметкерлер жайбарақат шай ішіп отыр екен, бізге тез жетудің орнына. Асықпай жиналып шықты. Шақыртуды кім қабылдады, диспетчердің аты-жөні, дәрігерлердің өз жұмысына бей-жай қарауына кім жауап береді? - деп қынжылыс білдірді Әділ.

 

 

 

 

 




Көрілген: 699    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 17:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30