Денсаулық

Ақтаудағы бала өлімінен кейін тексеріс басталды

  • © Photo : управление здравоохранения города Нур-Султан

    © Photo : управление здравоохранения города Нур-Султан

Ақтауда 2-сынып оқушысы белгісіз дерттен көз жұмды.

 

Дәрігерлердің айтуынша, сегіз жасар баланың дене қызуы көтерілген. Бірнеше сағаттан соң жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Мамандар менингококк инфекциясы деген болжам жасап отыр. Алайда бала өлімінің нақты себебі белгісіз, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Көз жұмған оқушы жүздеген баламен қарым-қатынаста болған. Сондықтан олардың бәрі тексеріліп жатыр.

 

Алдымен дәрігерлер жедел респираторлық- вирустық инфекция деп арнайы дәрі жазып берген. Алайда бірер сағаттан соң бала Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасына шұғыл жеткізілді.

 

"Бұл менингококк инфекциясы. Бала ауруханаға өте ауыр халде жеткізілді. Антисептикалық жағдай, 2-3 дәрежедегі шок болды. ДВС синдромы болды. Яғни қанды тоқтату қиын еді", -деді Маңғыстау облысы балалар инфекциялық ауруханасының бөлім меңгерушісі Ирина Карякина.

 

Трагедияның нақты себебі арнайы сараптамадан соң белгілі болады. Бұған дейін ауруханаға дәл осы белгілермен екі жасар сәби түскен. Дәрігерлер баланы аман алып қалды.

 

 

sputnik




Көрілген: 196    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.02.2020, 10:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30