Денсаулық

Ақтаулық ерекше әппақ екі қызға сән үйлері қызығушылық танытуда

  • https://24.kz

    https://24.kz

Ақтаудағы Қалағановтар жанұясы ерекше қыздарды тәрбиелеп отыр. Арасы 13 жас жеткіншектердің ақшыл түсті қас-кірпігі мен шашы сырт көзге бірден байқалады. Бір қызығы, олардың бауыры Алдиярда мұндай өзгешелік жоқ, деп хабарлайды 24.kz.


Әлеуметтік желілерде альбинос балалар туралы ақпарат шыға салысымен, ата-анасына сән үйлерінен толассыз шақыртулар түсе бастапты.


Әсел 14-те, ал Кәмила бір жастан енді асты. Олардың альбинизм белгісімен дүниеге келуі әке-шешесі үшін жаңалық болмаған. Өйткені бұған дейін олардың жақындарында ақ адамдар туылған көрінеді. Тұқым қуалайтын ерекшелік бұл отбасының тек қыздарына берілген екен.


Айман Сарқытова, қала тұрғыны:


– Шүкір, үш баламыз бар. Екі қызым да альбинос. Бірінші қызыма жүкті болған кезде ешқандай нәрсе білдірткен жоқ. УЗИ-ға, томографияға түстім. Туылған кезде белгілі болды. Ақ қыз туылғанына бірінші кезде таң қалдым. Алланың бергені ғой, деп ойлап қойдым. Мұндай ерекшелік ата-балаларымызда болған. Екі жақта да альбинизм бар.


Альбинос қыздардың көшеге шығуы үшін әжептәуір дайындық керек. Олардың терісі өте нәзік әрі сезімтал. Әсіресе жаз айларында ерекше күтім қажет. Күн көзіне көп шықса, тері қызарып, тез зақымданады. Сол үшін денесінің ашық жерлеріне күннен қорғайтын крем жағып жүрмесе болмайды. Сондай-ақ үнемі қара көзілдірік тағады.


Әсел Қалағанова, оқушы:


– Қара көзілдірікті күн бұлыңғыр күндері де тастамай киемін. Кешқұрым ғана көзімді еркін ашып, көшеде жүре аламын. Бала кезімде өзім қатарлас ұл-қыздар алдымен қызықтап қарап, кейін мазақтайтын еді. Сол кезде ерекше туылғаныма қайғыратынмын. Бой жете келе ойым өзгерді. Келешек сән үлгілерін көпшілік алдына көрсететін модельер болуды армандап жүрмін.


Альбинос адамдардың терісі, шашы мен кірпігі ақ болса да, көздері түрлі түске еніп, күніне бірнеше өзгеретін қасиетке ие. Мұндай ерекшелік дарыған ақтаулық қыздарға еліміздегі сән үйлері мен журналдар қызығушылық танытып отыр. Отбасылық фотосуреттерді өз өнімдерін жарнамалауға қолдануға рұқсат сұраған ұсыныстар көбейе бастады.


 


 


 


 


 




Көрілген: 2411    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.10.2019, 18:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30