Денсаулық

Ақтөбе облысында 2644 балаға екпе жасалмаған

  • © Aktobenews.kz

    © Aktobenews.kz

Ақтөбе облысындағы Темір, Мұғалжар, Байғанин аудандары мен Ақтөбе қаласы бойынша екпеден бас тартқандар көп, - деп хабарлайды Аktobenews.kz.


"Облыста арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Құрамында дәрігерлер мен эпидемиолог мамандар бар. Көбіне діни көзқарастағы адамдар. Сондықтан мешіт, шіркеудің қызметкерлері ата-аналармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Вакцина алмаған балалар арасында жұқпалы дертке шалдыққандар бар. Мәселен, олар қызылшамен ауырды", - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.


Айта кетейік, облыста 86 адам қызылшамен ауырған.


"Қызылша жұқтырған соң ата-аналар екпе алмағанына өкінді. Қазір мүлде екпе алмағандар келіп, вакцина жасатып жатыр", - деді Беркімбаева.


Облыста вакцина алмағандар саны бірқалыпты сақталып тұр. Өсім де, азаю да байқалмайды.


 




Көрілген: 524    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.09.2019, 20:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30