Денсаулық

Ақтөбе облысында пандемияны пайдаланып, медициналық жабдықтарды қымбатқа сатып алған

  • Ақтөбе облысында пандемияны пайдаланып, медициналық жабдықтарды қымбатқа сатып алған

    Ақтөбе облысында пандемияны пайдаланып, медициналық жабдықтарды қымбатқа сатып алған

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы елдегі пандемия жағдайын пайдаланып медициналық жабдықтарды жоғары бағамен сатып алған. Мәселен, облыстық жедел жәрдем ауруханасы жасанды тыныс алу аппараттарына деп нарықтағы бағадан бес миллион теңге артық ақша бөліпті. Оған қоса құны 32 миллион теңге тұратын ультрадыбыстық диагностикалық медициналық жүйе 69 миллион теңгеге алынғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақтөбеде медицина, білім саласы, прокуратура қызметі мен "Ақтөбе "әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ -ның жұмыстары сынға алыныпты. Тексеріс жүргізгендер Ақтөбенің денсаулық сақтау басқармасы елдегі коронавирусқа байланысты жағдайды пайдаларына асырған деп отыр. Сөздерінше, жасанды тыныс алу аппаратын 22 миллион теңгеге, яғни нарықтағы бағадан бес миллион теңгеге қымбат алған. Алайда облыстың мамандары мемлекеттік сатып алуда заңмен бекітілген баға болмайды деп отыр.

 
"ИВЛ-дің бағалары өзінің комплектующий құралына, функцияларына байланысты бағалары әртүрлі болып келеді. Қазақстандық ИВЛ деп мысалға 8-9 миллион теңге, шет елдік ИВЛ - дер бар 22-25 миллионға дейін барады", - деді Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Самғат Ишниязов.  

Сонымен қатар, жергілікті билік қала маңындағы екі бірдей ауылда мектеп жасындағы балалар санының аздығын біле тұра мектеп салу үшін бюджеттен екі жарым миллиард теңге бөлген. Сондай-ақ жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес назарына "Ақтөбе "әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ - да ілініпті. Өзі үшін де, облыс экономикасы үшін де дұрыс жұмыс жасамаған деген корпорация қарызының көлемі шамамен 700 миллион теңге, ал мерзімі өткен дебиторлық берешек көлемі  бір жарым миллиард теңгеге жетіпті. Бірақ бұл қорытындылармен корпорация келіспейді. 

"Толығымен келісе алмаймын. Өйткені бұл 2019 жылы болған тексеру комиссиясының нәтижесін толықтай алып, сол ақпаратты берген", - дейді "Ақтөбе "әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ директорының орынбасары Айдос Ақдәулет. 

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша бұрын тоқтатылған қылмыстық істерге қайта тексеру жүргізуді ұсынылды. 




Көрілген: 2105    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 15:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30