Денсаулық

Ақтөбеде екі айлық сәбиден коронавирус анықталды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ақтөбеде соңғы тәулікте 9 адам індетке шалдықты, оның біреуі екі айлық нәресте, деп хабарлайды   ҚазАқпарат   тілшісі.

 

Ақтөбе облысы бойынша 21-56 жас аралығындағы әйелдерден және екі жастағы нәрестеден коронавирус инфекциясы анықталды.

 

«Олардың ішінде бесеуі бұған дейін коронавирус анықталған науқастармен жақын қарым-қатынаста болған, біреуі ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, екеуі профилактикалық мақсатта тексерілген, бір науқас өзі еркімен сынама тапсырған кезде анықталған. Қазіргі уақытта індетке шалдыққандар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланды. Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтары дезинфекцияланды», - деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

 

Айта кетейік, өңірде барлығы 242 адам індетке шалдықса, оның 164-і емделіп шықты.

 




Көрілген: 475    Пікірлер: 0

жұма, 22.05.2020, 16:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30