Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақтөбеде көз жанарын жара басқан келіншек көмекке зәру

03 маусым 2022, 23:59

Ақтөбеде көз жанарын жара басқан келіншек көмекке зәру. 29 жастағы Гүлназ Бимашованың көзінің қасаң қабығын шұғыл ауыстыру қажет. Бірақ оған елімізде донор жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «КТК» арнасына сілтеме жасап. 

Гүлназдың көзі алғаш рет екі жыл бұрын жанына батып ауырған. Ол кезде ауылда тұрыпты. Облыс орталығындағы мамандарға қаралғанда дәрі жазып берген. Кейін асқынып ақ түскенде ауруханаға қайта жатады. Қазір бір көзі мүлдем көрмейді.

Жара басқан жанарын емдетуге Ақтөбеге көшіп келген. Бірақ мұндағы мамандар да қауқарсыз. Өйткені көзінің қабығын толық сылып алып тастап, жаңасын жамау керек. Ал елде оған донор жоқ.

Көршілес Ресейден бастап бірнеше елге сұрау салған. Түркиядан ғана келісім хабары келіпті. Бірақ ол жақта операция жасатуға жағдайы жоқ. Өздері жатақхананың аядай бөлмесін жалдап отыр. Күйеуінің айлығы төрт баланың тамағынан артылмайды. Енді жомарт жандардан көмек сұрауға мәжбүр.

“Көзімнен айрылып қалғым келмейді. Не болғанда да әлі жаспын ғой. Жазылғым келеді. Бұл көз қазір көрмейді оң жақ көзім. Қазақ халқынан, мұсылман қауымнан көмек сұраймын. Әрбір 50 теңге болсын, жүз теңге болсын”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Гүлназ Бимашова.

Гүлназ Бимашова,  +7 771 611 00 28