Денсаулық

Ақтөбеде вирус жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді

  • Ақтөбеде вирус жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді

    Ақтөбеде вирус жұқтыру бойынша антирекорд тіркелді

Ақтөбеде бір тәулікте 302 адамнан коронавирус инфикциясы анықталды. Бұл пандемия басталғалы тіркелген антирекорд болып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір тәулікте 302 адамның ПТР сынамасы оң мән көрсетіп, науқастар дәрігер көмегіне жүгінді. Оның 244-і дерттің симптомды түріне шалдыққан. Көбі Ақтөбе қаласында. Барлық ауданда да ауырып, ауруханаға түскендер бар.

«Аурушаңдықтың өсу деңгейі 1,9% құрады. Жалпы облыста бүгінге дейін 16 196 адамның вирус жұқтырғаны ПТР сынама арқылы расталса, оның 77,5% жазылды. Қазіргі таңда үй карантиніне 6053 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі. Еске салсақ, өңірде 2-тамыздан бастап карантин шектеуі күшейеді. Сенбі-жексенбі күндері базарлар мен сауда орындары, монша, сауна секілді бірқатар қызмет көрсету орны жабылады.




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

жұма, 30.07.2021, 11:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30