Денсаулық

Алексей Цой: Қазақстан коронавиурс қарқыны бәсеңдеп келе жатқан елдердің қатарында тұр

  • Алексей Цой: Қазақстан коронавиурс қарқыны бәсеңдеп келе жатқан елдердің қатарында тұр

    Алексей Цой: Қазақстан коронавиурс қарқыны бәсеңдеп келе жатқан елдердің қатарында тұр

Әлемнің 21 елінде коронавирус инфекциясының беті қайтып келеді. Соның ішінде Қазақстанда сырқаттану жағдайының төмендеуі – 17 пайыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында осындай дерек келтірді.

«Бүкіл әлемде коронавирус инфекциясының 240 миллионнан астам, тәулігіне 300 мыңға жуық жағдай тіркеліп отыр, 4,9 миллионнан астам адам қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймағындағы мәліметтері бойынша, соңғы екі аптада 54 елдің 33-інде аурудың өсуі байқалған.

Соңғы 14 күнде аурудың ең көп өсуі Польшада байқалды. Онда сырқаттану деңгейі 122%-дан асқан. Грузияда – 98%, Украинада – 69%, Венгрияда – 50-дан астам, Арменияда - 40%-дан астам, Ресейде-30%, Молдовада – 20%-дан астам, Түркия, Аустрия және Германия, Қырғызстан, Беларусь елдерінде 2-ден 10%- ға дейін өскен», - деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, сырқаттану деңгейінің түсуі 21 елде байқалып отыр.

«Сырқаттану көрсеткіші Израильде 61%, Испанияда 43%, Швейцарияда 39%, Черногорияда 24%, Италияда 22%, Францияда 16%, Әзірбайжанда 7% түскен. Қазақстанда кейінгі екі аптада сырқаттану 17% - ға төмендеді», - деді Денсаулық сақтау министрі.




Көрілген: 447    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.10.2021, 10:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31