Денсаулық

Әлем алдағы бірнеше айда пандемияның өте қиын кезеңін бастан өткереді – ДДҰ

  • Әлем алдағы бірнеше айда пандемияның өте қиын кезеңін бастан өткереді – ДДҰ

    Әлем алдағы бірнеше айда пандемияның өте қиын кезеңін бастан өткереді – ДДҰ

Бүкіл әлем коронавирус пандемиясының өте қиын кезеңінде тұр, деп атап өтті Тедрос Адханом Гебрейесус

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың таралуына байланысты әлемде қиын жағдай туындағанын хабарлады.  

"Әлем, әсіресе Солтүстік жарты шар бұл пандемияның күрделі кезеңінде тұр. Алдағы бірнеше ай өте қиын болады және кейбір елдер қауіпті жолға түседі. Көптеген елде сырқаттанған адамдар саны күрт өсіп жатыр", - деп мәлімдеді ДДҰ басшысы брифинг барысында.

Ол мемлекет басшыларын өлім-жітім өсіп, денсаулық сақтаудың негізгі қызметінде дағдарыс болып, мектептер қайта жабылмау үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлады РИА Новости.

Ал ДДҰ бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан қарашаның соңына қарай бір немесе екі Covid-19 вакцинасы сынақтың үшінші кезеңінен өткізілетінін мәлімдеді. Айтуынша, сол кезде препаратты төтенше жағдайлар кезінде қолдануға кеңес беруге болады.

23 қазанда Covid-19 індетінің әлемдегі күн сайынғы өсімі бойынша жаңа рекорд тіркелді &ndash 445 419 адам ауырған. Жалпы, пандемия басталғаннан бері 41 570 883 адам коронавирус жұқтырғаны анықталып, оның 1 134 940-ы қайтыс болды.

sputnik.kz




Көрілген: 771    Пікірлер: 0

сенбі, 24.10.2020, 17:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30