Денсаулық

Әлем эпидемиологтары коронавирусты тоқтатудың жолын айтты

  • https://focus.ua/

    https://focus.ua/

«Коронаиврус жұқтырған әр адам орташа есеппен кем дегенде бір адамға вирус жұқтыратын болса, індеттің таралуы азаятын болады», деп жазады Le Figaro.

 

«Францияда коронавирус 2500 адамнан анықталды. 48 адам қаза тапты. Қазіргі жылдамдық сақталатын болса, Францияда жалпы 10 млн адам вирус жұқтыруы мүмкін. Ал бұл жағдайда қаза табатындардың саны кем дегенде елу мыңға жетеді», - деп жазады автор.

 

Эпидемиологтар бұл сценарийді болдырмаудың жолы бар екенін айтты.

 

«Вирустың таралуын шектеу үшін тиімді шаралар қабылдау қажеті. Ал эпидемиологиялық тұрғыда вирустың таралу көрсеткішін азайту маңызды. Сарапшылардың айтуынша, Францияда коронавирус жұқтырған бір адам орташа есеппен оны 3 адамға таратады. Ал эпидемияны тоқтату үшін бұл көрсеткіш 1-ге тең болуы тиіс. Яғни, адам әлеуметтік байланысын 4 есе азайтуы тиіс. Сол кезде ғана бұл шаралар тиімді болады», - деп жазады автор.

 

Оның айтуынша, Қытай осылайша миллиондаған адамды күштеп карантинге жатқызып, жақсы нәтижеге қол жеткізген.

 

«Әр адам барынша қоғамнан оқшауланғаны жөн. Достармен, отбасымен жиналу, қыдыруды азайту, кездесулерден бас тарта тұру эпидемияны болдырмауға әсер етеді. Бұл барлығына қатысты», - деп жазады автор.

 

Оның айтуынша, вирустың көбею жылдамдығын бәсеңдету үшін Қытайға екі апта қажет болған.

 

ҚазАқпарат

 




Көрілген: 1110    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.03.2020, 01:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30