Денсаулық

Әлемде пандемия ұзаққа созылмауы тиіс - маман

  • Әлемде пандемия ұзаққа созылмауы тиіс - маман

    Әлемде пандемия ұзаққа созылмауы тиіс - маман

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында журналистердің «әлемдегі коронавирус пандемиясы жеті жылға созыла ма» деген сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін шетелдік басылымдардың бірінде коронавирус пандемиясы тағы жеті жылға созылуы мүмкін екені жайында мақала жарияланды.Мақалада мұндай сценарий болмас үшін әлем халқының төрттен үш бөлігіне вакцина салу керек делінген. 

Әсел Қалықованың айтуынша,көп елде халықты иммундау басталды, оның ішінде Қазақстан да бар. Осыған байланысты эпидемиолог пандемия ұзақ уақытқа созылмайтынын атап өтті.

«Эпидемиолог ретінде пандемия тағы жеті жылға созылуы мүмкін деген мәлімдемемен келіспеймін. Себебі, көп елде халықты иммундау жұмыстары басталды. Жаппай вакциналау Қазақстанда да жүргізіліп жатыр. Бұл бір жыл ішінде иммундық қабатты жасайды. Осылайша, бұл індеттің ушығуын тежейді. Коронавирус инфекциясы жойылып, маусымдық вирустық аурулар санатына енеді деп ойлаймыз. Сонымен қатар халықты COVID-19-ға қарсы жыл сайынғы иммундау қажет», - деді Әсел Қалықова.




Көрілген: 2704    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 23:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30