Денсаулық

Әлеуметтік медициналық сақтандыру: Кім тісін тегін емдете алады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша тегін стоматологиялық көмекті кімдер ала алатынын Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды облыстық филиалының мамандары айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шұғыл стоматологиялық көмекті келесі санаттағы азаматтар ала алады:

- 18 жасқа дейінгі балалар;

- жүкті әйелдер;

- ҰОС қатысушылары;

- 1,2,3 және 4 топтағы мүгедектер;

- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған аналар;

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар;

- зейнеткерлер (жасы бойынша);

- инфекциялық, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастар.

«Шұғыл стоматологиялық көмекке жіті ауырсыну жағдайлары жатады. Көмек химиялық қатаю композиттік материалдарынан жасалған жансыздандыру, препараттау және пломба салу, жансыздандыру арқылы тісті жұлып тастау, периостотомия, абсцесстерді ашу жатады», - деп түсіндірді Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы бөлімінің бас сарапшысы Жанар Ракишева.

Жоспарлы тегін стоматологиялық көмекті (ортодонтикалық және ортопедиялық көмектен басқа) дәрігердің жолдамасы бойынша 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер ала алады.

 




Көрілген: 593    Пікірлер: 0

жұма, 10.01.2020, 15:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30