Денсаулық

Алғаш рет COVID-19-дың ағзада қалай таралатыны бейнеленген видео пайда болды

  • Алғаш рет COVID-19-дың ағзада қалай таралатыны бейнеленген видео пайда болды

    Алғаш рет COVID-19-дың ағзада қалай таралатыны бейнеленген видео пайда болды

АҚШ пен Канада зерттеушілері алғаш рет дәл осы уақытта коронавирустық инфекция тышқанның денесіне қалай таралатынын бейнелейтін видео дайындаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдардың мақаласы Immunity журналында, ал вирустың таралуы туралы видео Youtube-та жарияланды.

 SARS-CoV-2-нің жасушалық деңгейде таралуын бақылау үшін Монреаль және Йель университеттерінің зерттеушілері биолюминесцентті белгілер мен микроскопияның озық әдістерін қолданған. Тышқандардағы коронавирустың таралу жолы инфекцияның адамдарда даму процесіне ұқсас: алдымен вирус мұрынға еніп, сол жерде көбейіп, өкпеге таралады. SARS-CoV-2 жұқтырған сәттен бастап үшінші күні ол басқа органдарға ене бастады. Содан кейін ол миға жетіп, тышқандар өледі.

Сонымен қатар, ғалымдар кейбір тышқандарды емдеу үшін COVID-19-дан соң қалыпқа келгендердің плазмасын қолданған. Кейбіріне оны вирус жұқтырмай тұрып енгізсе, енді біріне жұқтырған соң салған. Бірінші жағдайда антиденелер вирустың таралуына жол бермеді, екінші жағдайда үшінші күні вирустың таралуы тоқтады. Алайда, барлық антиденелер тиімді жұмыс істемеген. Иммундық жүйенің басқа жасушаларын "көмекке шақыру" және жұқтырған жасушаларды жою мүмкіндін беретін эффекторлық функциясы нашар істейтіндерде антиденелері тиімсіз жұмыс істеген. 

"Антиденелер ағзада қажетті уақытта, қажетті жерде және қажетті мөлшерде болуы керек, – дейді жұмыстың авторларының бірі, Йель медицина мектебінің доценті Прити Кумар.

Stan.kz




Көрілген: 362    Пікірлер: 0

жұма, 20.08.2021, 16:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31