Денсаулық

Алматы ауруханаларына 200 миллион теңге айыппұл салынды

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы сарапшылары биылғы жылдың бірінші жартысында көрсетілген қызмет сапасы мен көлеміне қатысты 4 мыңнан астам кемшілік анықтады. Нәтижесінде, медицина ұйымдарына 200 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Бұл туралы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы қаласы бойынша филиал директоры Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

"Медициналық ұйымдарға салынатын айыппұлдардың мөлшері 200 миллионнан астам теңгені құрады. Жалпы, кемшілік саны мен сомасы жыл өткен сайын азайып келеді. Мысалы, биылғы сома өткен жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда 50 милион теңгеге кем", – деді Әбілдаев.

 

Айта кетейік, қор халыққа көрсетілген қызмет ақысын көмек сапасы тексерілгеннен кейін ғана төлейді. Ал жіберілген кемшіліктер негізінде салынған айыппұлдар өзге медициналық қызмет түрлеріне төленеді.

 

Қандай қателіктер жиі қайталанады

 

Бүгінде дәрігер қабылдауында болмаған адамды "болды" деп жазу мәселесі жұртшылық арасында өзекті болып тұрғаны рас.

 

"Әсіресе, бұл мәселе әлеуметтік желілерде жиі қозғалып жүр. Жарты жылда филиал мамандары ақпараттық жүйеде "пациенттерге көрсетілді" деп жазылған 5,1 миллион теңгеден астам 240 қызметтің шын мәнінде көрсетілмегенін анықтады. Емханалық-амбулаторлық көмекке жүргізілген мониторинг кезінде анықталған бұл кемшіліктер қаладағы 24 медицина ұйымына тиесілі. Дегенмен, өткен жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есе кемігені байқалады", – деді Әбілдаев.

 

Оның айтуынша, қор қызмет көрсетуші клиникалар тарапынан жіберілетін мұндай кемшіліктерді анықтап, шара қолданады. Сол себепті де ұйым өкілдері азаматтарды осындай фактілер жайлы дер кезінде хабар беруге шақырады және пациенттер тарапынан ресми түрде жолданған әрбір өтініш жеке қаралатынын мәлімдеп отыр.


 




Көрілген: 358    Пікірлер: 0

жұма, 28.08.2020, 15:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 08:06
    Бас неліктен ауырады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31