Денсаулық

Алматы емханаларында санитарлық ережелер күшейтілді

  • Алматы емханаларында санитарлық ережелер күшейтілді

    Алматы емханаларында санитарлық ережелер күшейтілді

  • Алматы емханаларында санитарлық ережелер күшейтілді

    Алматы емханаларында санитарлық ережелер күшейтілді

Алматы емханаларында ЖРВИ мен тұмаудың маусымдық өршуіне байланысты санитарлық ережелер күшейтілді. Дәрігерлер тұмау мен ЖРВИ коронавирус жұқтыру қаупін тудыруы мүмкін деп қорқады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Алматы" арнасына сілтеме жасап.

Күн суытқалы жұқпалы респираторлы вирустық инфекцияны жұқтырғандар мен COVID-19 вирусына шалдыққандар санының күрт өсуіне байланысты қала емханалары науқастарды қатаң тәртіп сақтай отырып қабылдауда. Дәл осындай ауру белгілері бар пациенттерге медициналық мекеме ішінде еркін жүріп-тұруға рұқсат жоқ.

 
"Егер дене қызуы 37-ден жоғары болса, ол сүзгі деген кабинетке жіберіледі. Онда дене қызуы өлшеніп, жалпы жағдайы қаралады. Оттегімен қамтамасыз ету пульсоксиметрімен оның сатурациясы өлшеніп, өкпенің қалай тыныс алып жатқаны байқалады. Егер науқастың жағдайы орташа дәрежелі ауыр емес болса, ПЦР-тест алынады", &ndash деді қалалық № 5 емхананың учаскелік дәрігері Лаура Малдыбаева.

Осылай ПТР-тест талдамасы алынған соң, оның нәтижиесін күту қажет. Егер науқас жеңіл формада сырқаттанса, онда үйіне қайтарылып, арнайы тағайындалған дәрігер жағдайын біліп отырады. Кейін ем-дом шаралары жасалады. Ал, ауыр халде ауырған жағдайда, бірден ауруханаға жатқызылады.  

"Жөтелдім, ауырдым. Дене қызуым көтерілді. Қатты суық ұстап қалған еді. Содан дәрігерлер мені жақсы қарсы алып, менен анализдер алды", &ndash деді қала тұрғыны Бақыткүл Күдекова.

Ал 12 қаңтарда № 5 емханаға тұмау белгілері бар 20 адам жүгінген. Олардың 16-сында тұмау асқынған. Бұл жағдай дәрігерлерде алаңдаушылық туғызып отыр. Себебі тұмау асқынса, ағза әлсіреп, өзге де вирустарды жұқтыруға бейім келеді дейді мамандар. Әсіресе, жүкті әйелдер мен қарт адамдар барынша сақ болуы қажет.

"Егер науқас тұмаумен ауырса, оның иммунитеті төмендеп, ол басқа инфекцияларға бейім және сезімтал келеді. Бұл, әрине, аурудың ағымын қиындатады. Ағзаға ауыр жүк түседі. Сонымен қатар, егер науқастың қант диабеті сияқты өзге аурулары болса, онда ол, әрине, асқынып кетеді. Мұндай науқастарды ауруханада емдеу қажет", &ndash деді қалалық № 5 емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Үміт Асылова.

Ең қауіптісі, тұмаудың асқынуы &ndash коронавируске ұласуы ықтимал, дейді дәрігерлер. Сондықтан қала тұрғындарына барынша санитариялық талаптарды қатаң сақтауға кеңес береді.  




Көрілген: 1586    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 09:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31