Денсаулық

Алматы мешіттерінде екпе салу пункті ашылды

  • https://iz.ru/

    https://iz.ru/

Алматы мешіттерінде екпе салу пункті ашылды. Бұл №8 қалалық емханасының бас дәрігері, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Алмалы аудандық медициналық бірлестігінің үйлестірушісі Фарида Ағыбаева онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Оның айтуынша, қазір қалада екпе салатын 211 пункт жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ 40 көшпелі мобилді бригада бар.

 

«Оның ішінде, егу пунктерінде діни ұйымдар да бар. «Қалқаман» аумағындағы және «Нұр» мешітіне келушілерге вакцинация пункттері ашылып, жұмыс істеп жатыр. 30 сәуірге дейін «Музаммиль», «Әл-Мәдина», «Абдулла», «Алматы орталық мешіті» мешіттерінің аумағында тағы да бірнеше пункттер ашу жоспарлануда. «Алматы орталық мешітінің» вакцинациялау пункті жылжымалы және ұжымдық қызмет кезінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, «Вознесенск Кафедральды шіркеуі» мен «Храм Христа Спасителя» шіркеуінде ашылды, олар жексенбі күні де жұмыс істейді»,-деді Фарида Ағыбаева.

 

Егу пункттерінде медицина қызметкерлеріне медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің еріктілері көмектеседі. Қазіргі кезде 364 интерндер мен резиденттер жұмыс істеуде. Барлығы 975 адам оқыды.

 

2021 жылғы 28 сәуірдегі жағдай бойынша қалада 8 468 адам вакцина салдырды. Оның ішінде 316 адам отандық екпені алды.

 

«Инфекцияны жұқтырмағандар кезек күттірмей егілгендері жөн, сонымен бірге коронавируспен ауырып, жазылғандар да қалмай вакциналанғандары жөн. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды толық бақылауға алу вакцинациялау арқылы халықты иммундау деңгейі жоғары болған жағдайда ғана мүмкін болатындығын есте ұстаған жөн. Халық жаппай вакцинацияланбайынша, пандемияны жеңу мүмкін емес», - деп есептейді Фарида Ағыбаева.

 

 




Көрілген: 375    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 19:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30