Денсаулық

Алматы облысында жүйелі түрде пара алған аурухана басшылары ұсталды

  • https://ru.depositphotos.com/

    https://ru.depositphotos.com/

Алматы облысындағы аудандық ауруханалардың бірінің басшылығы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы әлеуметтік желілерде хабарланды. Ақпаратты облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Күдікке ілінген Есіктегі Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасының басшылығы болып шықты. Олардың барлығы дерлік ұсталған.

 

Әлеуметтік желілердегі хабарламаға сәйкес, медициналық мекеменің басшысы мен оның екі орынбасары қарамағындағылардан жүйелі түрде пара алған деп күдіктеліп отыр.

 

"Аталмыш лауазымды тұлғалар жүйелі түрде қарамағындағы адамдардан (дәрігерлерден, мейірбикелерден және техникалық персоналдан) эпидемиологияға қарсы бөлімшелерде жұмыс істегені үшін мемлекет үстемақы ретінде беретін қаражатты кедергісіз алу үшін пара алған. Параның мөлшері 150 мың теңге (әр қызметкерден) болған. Нәтижесінде ай сайынғы сома 5-тен 7 миллионға дейін жеткен", – дейді жазба авторы.

 

Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бес лауазымды тұлғаның ұсталғанын растады.

 

Күдіктілерге алдын ала сөз байласу арқылы 3 миллион теңгеден аса пара алды деген айып тағылып отыр. Тергеу мүддесі үшін ведомство басқа мәліметтерді жария етпеді.

 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы перинаталдық орталықтың директоры Бодықовқа 27,3 миллион теңге айыппұл салынған еді. Ол босанған 5 әйелден және олардың туыстарынан делдал арқылы 780 мың теңге көлемінде пара алған.

 

 

 




Көрілген: 1616    Пікірлер: 0

жұма, 25.06.2021, 22:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30