Денсаулық

Алматы репродуктологы ана болуға дайындалып жүргендерге вакцина алуға кеңес берді

  • Алматы репродуктологы ана болуға дайындалып жүргендерге вакцина алуға кеңес берді

    Алматы репродуктологы ана болуға дайындалып жүргендерге вакцина алуға кеңес берді

Алматы репродуктологы Салтанат Байқошқарова «Алматы» телеарнасына берген сұхбатында ана болуға дайындалып жүргендерге коронавирусқа қарсы вакцина алуға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, вакцина қажет, өйткені бұл ананы да, баланы да қорғайды.

Салтанат Байқошқарова «Пробиркадан» шыққан тұңғыш қазақстандық баланың авторы және Қазақстандағы репродуктологияның негізін қалаушы. Ол ата-ана болуға дайындалып жүргендерге коронавирусқа қарсы вакцина алуға кеңес берді.

«Егер әйел жүктілік кезінде COVID-19 ауруын жұқтырса, қауіпті асқынулар туындайды», - деді Салтанат Байқошқарова.

Репродуктология мен эмбриология саласындағы танымал көшбасшы маман вакцина әйелді де, ер адамды да бедеулікке әкелмейді деп сендіреді. Сондай-ақ, маман коронавирус вакцинасынан кейін ЭКО бағдарламасынан бас тарту жалған екенін айтты.

«Коронавирус вакцинасынан кейін ешкім ЭКО-дан бас тартпайды. Вакцинаның екінші дозасын алып бір айдан кейін жүктілікті жоспарлап, ЭКО бағдарламасына баруға болады», – деді Салтанат Байқошқарова.

Сонымен қатар дәрігер вакцина адамның репродуктивті жүйесіне әсер етпейтінін жеткізді.

«Керісінше вакцина алған адамда коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасады сондықтан жүктілікті жоспарлауға болады. Вакцина ерлерді де, әйелдерді де бедеулікке әкелмейді. Біз науқастарға алдымен вакцина алуды, бір-екі айдан кейін жүктілікті жоспарлауды ұсынамыз», - деді дәрігер.

Оның айтуынша, егер әйел табиғи жолмен немесе ЭКО-мен жүкті болып, ауру жұқтырса жүктілік кезінде асқынулар болады.

«Әрине, қайғылы жағдай болғанын қаламайтынымыз анық, сондықтан вакцина алу маңызды», - деді ол.




Көрілген: 656    Пікірлер: 0

сенбі, 12.06.2021, 13:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31