Денсаулық

Алматы тұрғындарына сауда орталықтары мен базарларда вакцина қалай салынады

  • Алматы тұрғындарына сауда орталықтары мен базарларда вакцина қалай салынады

    Алматы тұрғындарына сауда орталықтары мен базарларда вакцина қалай салынады

Алматы тұрғындарына сауда орталығы мен базарларда коронавирусқа қарсы вакцина егіледі. Вакцинация алгоритмі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин өзінің жаңа қаулысында Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына алгоритмге сәйкес қоғамдық орындарда COVID-19-қа қарсы иммундау пункттерінің дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды. Құжатқа сәйкес, вакцинация пункті базардың аумағында орналасуы керек және вакцинацияланған адамдарды тіркеу және вакцинация алғаннан кейін бақылау жүргізіледі. Жұмыс үстелдерімен жабдықталған шатыр мен орындықтар, бір рет қолданылатын маскаларды жинауға арналған урна, антисептиктер қойылу керек.

 
Вакцинация алдында сараптама және тікелей вакцинация жедел жәрдем көлігінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізілуі мүмкін.

Вакцинация пункті халықты тіркеу үшін қоршалған алаң, вакцинация алдында халықты тексеруге арналған аймақ (уақытша бөлме) және вакцинадан кейін 30 минут бойы бақылау жүргізу үшін сауда орталығының арнайы бөлінген аймағында орналасуы керек, сонымен қатар вакцинацияға арналған жеке аймақ болуы тиіс.

Вакцинациядан кейін 30 минут бойы бақылау жүргізіледі. Сондай-ақ вакцинацияға арналған жеке аймақ болуы міндетті.Бөлмелер пластикалық қаптамамен қоршалуы керек. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Алматыда сауда-ойын-сауық орталығы мен базарларда вакцинациялау жүргізілетіні хабарланды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Лаура Мырзағали мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін қаланың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарық көрген еді. Онда қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы және оқушылар мен студенттердің білім алу форматы айтылған. 




Көрілген: 595    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 11:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31