Денсаулық

Алматыда 99 жастағы әжей коронавирусқа қарсы вакцина алды

  • Алматыда 99 жастағы әжей коронавирусқа қарсы вакцина алды

    Алматыда 99 жастағы әжей коронавирусқа қарсы вакцина алды

Алматыда 99 жастағы әжей коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін №36 қалалық емханада 99 жастағы батыр ана - Зағиша Шалова екпе салдырды. 12 баланың анасы, 15 немеренің әжесі «Спутник V» ресейлік препаратын таңдады. «Бұл менің жеке шешімім, мен бұл аурудың мені және менің туыстарымды айналып өтсе деймін. Балаларымның барлығы екпе алып қойған. Қазір өзімді жақсы сезінем, еш ауытқулар немесе өзімді жаман сезінген емеспін, ары қарай да осылай болады деп үміттенемін»,- дейді әжей. Вакцина салу басталғалы бері Наурызбай ауданы бойынша 27 мың адам екпе алды, ондағы 40% №36 қалалық емханасында алған. Аудан бойынша екпе алғандардың арасында вакцинадан соң еш асқынулар орын алмаған. «Тұрғындар арасында вакцина салдырғысы келетіндер саны артып келеді. Әр азамат бекітілген жеріне қарамастан қаладағы қалаған емханада вакцина ала алады. Күнделікті біздің емханаға коронавирус инфекциясынан вакцина алуға 150 -200 шақты адам келеді», -деді №36 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген. Коронавирусқа қарсы вакцина алу №36 емханада демалыссыз күнделікті сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.
ҚазАқпарат




Көрілген: 493    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.06.2021, 18:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31