Денсаулық

Алматыда «Арбат» бойымен серуендеуге тыйым салынды - жаңа қаулы

  • http://www.dailynews.kz/

    http://www.dailynews.kz/

Алматы қаласының бас мемлекеттік-санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин карантиндік шектеулерге қатысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Құжатқа сәйкес, қала «қызыл» аймақта болған кезде Арбат бойымен қозғалуға тыйым салынады.

 

«Саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, аллеялар, бульварлар, алаңдар және басқа да демалыс орындары - Жібек жолы даңғылында Абылайхан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салу», - делінген құжатта.

 

Сондай-ақ, осы аумақта орналасқан тамақтану объектілері мен шағын бөлшек сауда жұмысы сенбі мен жексенбі күндері шектеледі:

 

- жазғы алаңдарда тамақты жеткізу қызметін қоспағанда, жұмыс кестесі сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін «ASHYQ» жобасының қатысушылары үшін рұқсат;

 

Егер «ASHYQ» мобильдік қосымшасының қатысушысы болмаса - жұмысына тыйым салынады.

 

Бұған дейін, Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шыққаны туралы жазған болатынбыз. Онда «ASHYQ» жобасына қатысушыларды қоспағанда, көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың) қызметіне тыйым салынатыны айтылған.

 

Қаулының толық мәтінін мына жерден таба аласыз.

 




Көрілген: 816    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 19:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30