Денсаулық

Алматыда бір жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру артқан

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Бұл туралы Алматы қаласы Санитария-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифингте айтты.

 

Жыл басынан бері бір жасқа дейінгі балалардың коронавирус жұқтыруы артқан. Қаңтар айында онға жуық бала қауіпті індетті жұқтырса, қазір 60-тай бала емделуде. Бұл Алматы аумағында вирустың мутацияланған түрінің пайда болуымен байланысты. Екіншіден, вирустың отбасы мүшелері арқылы тарауы себеп болып отыр, - дейді ол.

 

Сонымен қатар ол Алматыда коронавирусты жұқтыру бұрынғыдай адам көп жиналатын жерде болып отырғанын жеткізді.

 

Ол - сауда орындары, жұқтырудың 23 пайызы осы жерлерде болған. Сондай-ақ үйлер арасында орналасқан дүкендерде, қоғамдық көлікте, жұмыс орнында жұқтыру жоғары. Яғни ЖК мен ЖШС-тегі жұмыс орнында жұқтыру жоғары болып тұр. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында жұмысшылардың 80%-ын қашықтан жұмыс істеуге жіберу айтылған. Бірақ бұл талап сақталмай отыр, - дейді Әсел Қалықова.

 

Эпидемиолог сөз соңында қалыпты өмірге тез оралу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауымыз керек дегенді айтты.

 

Егер бұл вирустан құтылып, қалыпты өмірге оралғымыз келсе, маска тағу режимін сақтап, қауіпсіздік шараларын сақтауымыз керек. Оған қоса халық вакцина салдырудан бас тартпауы керек. Бұл, бірінші кезекте, жақындарын вирустан сақтау үшін қажет, - дейді ол.

 

Айта кетсек, бүгін Алматыда коронавирус жұқтырған 717 науқас тіркелген.

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 671    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 18:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31