Денсаулық

Алматыда бірінші қыркүйектен бері 89 бала коронавирус жұқтырды

  • Көрнекі фото.   https://fonar.tv/

    Көрнекі фото. https://fonar.tv/

Алматыда бірінші қыркүйектен бері 89 бала коронавирус инфекциясын жұқтырды. Оның барлығы мектепте емес, отбасы ішінде вирусқа шалдыққан. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Бірінші қыркүйектен бастап қалада офлайн оқып жатқан 89 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл 62 мектепте болған жағдай. Олар оқыған сыныптар карантинге жіберілді. Себебі бір адамнан инфекция табылса, мектеп емес, сынып карантинге жіберіледі. Сабақ онлайн режимде өтеді. Ал олардың 99%-і мектепте емес, отбасы ішінде жақындарынан инфекция жұқтырған", - деді Жандарбек Бекшин.

 

Ал студенттер арасында 6 науқас, 17 байланыста болған адам анықталды. Олар арнайы дайындалған емханаға жатқызылды. Ауру жеңіл түрде өтті.

 

Оқушылар арасында қала бойынша 1 462 бала үйде, 110 бала ауруханада ем қабылдап жатыр.

 

Соған байланысты қаланың бас санитар дәрігері ата-аналардан барлық санитарлық талапты сақтауды сұрады.

 

Айта кетері, Алматыда коронавирус жұқтырғандар арасында 31,2%-і 20-39 жас аралығындағы азаматтар, 24%-і - 40-59 жас аралығындағы азаматтар, 23%-і - 60 және одан жоғары жастағы қарт адамдар.

 

 

 

 




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.09.2021, 17:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31