Денсаулық

Алматыда демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады

  • https://www.rbc.ru/

    https://www.rbc.ru/

Алматыда демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қазақстанда жаппай вакциналаудың жүргізілуіне байланысты, тұрғылықты жеріне немесе Алматыда тіркелгеніне қарамастан, кез келген адам коронавирусқа қарсы екпе жасата алады. Сондай - ақ, Алматыда тұруға рұқсаты бар шетел азаматтарын, еңбек мигранттарын, босқындарды және шетел студенттерін тегін вакцинациялаймыз. Алматыда олардың саны 7 мыңға жуық», - дейді Гүлнар Ысқақова.

 

Сонымен қатар, ол мегаполисте демалыс және мереке күндері егу пунктері жұмыс істейтінін айтты.

 

«Алматы қаласының кез келген жерінде екпе салдыруға болады. Күн сайын демалыссыз және үзіліссіз 215 екпе пункті жұмыс істейді, қажет болған жағдайда резервте тағы 250 екпе пункті бар», - деп толықтырды спикер.

 

Айта кетейік, елдің әр тұрғыны вакцина түрін таңдауға құқылы. Яғни қазақстандық QazVac пен ресейлік «Спутник-V», сондай-ақ, Қытайда өндірілген вакцинаны салдырады.

 

«Сонымен қатар, қажет болған жағдайда вакцинаның екінші компонентін бұрынғы кесте бойынша 21 күннен кейін де алуға болады. Ол үшін екпе пунктіне хабарласып, ерікті түрде өтініш жазу қажет. Әзірге ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес екінші екпе 45 күннен кейін алынады», - деді ол.

 

 




Көрілген: 452    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 17:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30