Денсаулық

Алматыда екі жасар баладан коронавирус анықталды

  • Фото: pixabay.com

    Фото: pixabay.com

Алматыда кішкентай баланың қауіпті вирусты жұқтырып алғаны анықталды. Талай адамның өмірін қыршынынан қиған коронавирус Германиядан ұшып келген екі жасар қыздан табылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Бүгін оңтүстік астанада тағы да үш адамның коронавирусты жұқтырып алғаны белгілі болды.

 

Олардың бірі 2018 жылы туған қыз бала болып шыққан. Ол Берлин-Минск-Алматы рейсімен ұшып келген.

 

Бүлдіршіннің қазіргі жағдайы жайлы әлі ақпарат берілмей жатыр.

 

Одан бөлек, қауіпті вирусты 1956 мен 1966 жылғы ер азаматтар жұқтырып алған. Екеуі де 10 наурыз күні Мәскеуден ұшып келген.

 

Еске сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 13 оқиғасы тіркелген. Олардың 11-і Алматы қаласында, екі оқиға Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі.

 

Әлем бойынша бүгінгі күні қауіпті вирусқа шалдыққандардың саны 180 мыңнан асып кетті. Бұл көрсеткіш бір түнде 14 мың адамға өсіп кетті.

 




Көрілген: 347    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.03.2020, 10:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30