Денсаулық

Алматыда эпидемиологиялық ахуал ушыға түсті – Ж.Бекшин

  • https://liter.kz/

    https://liter.kz/

Алматының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин маусым айында қалада коронавирустың 3 800 жағдайы тіркелгенін айтты.

 

Оның айтуынша, қазір санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды: бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау, қолды жиі жуу мен вакцина алу.

 

«Жыл басынан бері Алматыда КВИ-дің 55 101 жағдайы анықталды. Ал маусым айында 3889 жағдайы тіркелді. Өткен аптада коронавирус дерті 1,7 есе өсті. 742-ден 1237-ге дейін. Соңғы тәулікте КВИ-дің 215 жағдайы тіркелді», - деді Ж.Бекшин.

 

Оның айтуынша, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай контагиозды мутацияланған «дельта» штамының таралуына байланысты ушығуда.

 

Эпидемиологтардың айтуынша, ПТР орташа тәуліктік оң нәтижелері 114-тен 188-ге дейін өсті.

 

Соңғы аптада симптомдары бар КВИ-мен ауыратындардың үлес салмағы 32%-тен 53%-ке дейін артты, бұл COVID-19 «дельта» штамының тез тарайтынын көрсетті.

 

«Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты біз мутацияланған штамдарға зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде КВИ науқастарынан алынған 131 үлгінің 77 «альфа», британдық штамдар, 46 үлгіде «дельта», яғни үнді штамдары анықталды. Сонымен қатар екі «гамма», оңтүстік африка штамдары мен бір нью-йорк, яғни «бетта» штамы тіркелді. Жалпы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі «альфа» штамының таралуынан, ал аурудың артуы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден әкелінген «дельта» штамының салдарынан», – деді Жандарбек Бекшин.

 

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қабылданған шектеу шараларын міндетті түрде орындау қажеттігін айтты.

 

Ж.Бекшиннің айтуынша, ауруды жұқтырмаудың жалғыз жолы – вакцина алу мен санитарлық нормаларды сақтау.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 633    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.06.2021, 17:52

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30