Денсаулық

Алматыда эпидемиологиялық жағдай өте күрделі - Жандарбек Бекшин

  • Алматыда эпидемиологиялық жағдай өте күрделі - Жандарбек Бекшин

    Алматыда эпидемиологиялық жағдай өте күрделі - Жандарбек Бекшин

Алматыда эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласында коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Жыл басынан 28 маусымға дейін 55101 жағдайы, маусым айында - 3889 жағдай тіркелді. Өткен аптада коронавирус аурушаңдығы 1,7 есе өсті (742-ден 1237-ге дейін), соңғы тәулікте 215 жағдайы тіркелді, тәуліктік өсім 0,2% - ды құрады»,- дейді Жандарбек Бекшин. Оның айтуынша, Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай контагиозды мутацияланған «дельта» штамының таралуына байланысты күрделене түсті, бұл ретте ПТР орташа тәуліктік оң нәтижелері осы жылғы 17 маусымнан бастап тәулігіне 114-тен 21 маусымнан бастап тәулігіне 188-ге дейін өсті. «Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты біз мутацияланған штамдарға зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде КВИ науқастарынан алынған 131 үлгінің 77 «альфа», британдық штамдар, 46 үлгіде «дельта», үнді штамдары анықталды. Сонымен қатар, екі «гамма», оңтүстік африка штаммдары мен бір нью-йорк, «бетта» штамы тіркелді. Жалпы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі «альфа» штаммының таралуынан, ал аурудың артуы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден әкелінген «дельта» штамының салдарынан», - деді Жандарбек Бекшин.
ҚазАқпарат




Көрілген: 557    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.06.2021, 16:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30