Денсаулық

Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды – Әбілдаев

  • Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды – Әбілдаев

    Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды – Әбілдаев

 Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Алматы қаласы қоғамдық денсаулық Басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтардың жай-күйі туралы толық ақпарат берген басқарма басшысы бүгінгі таңда мегаполисте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жаңадан расталған, яғни, кешегі 13 және бүгінгі күнгі 26 жағдайы анықталғанын, қазіргі уақытта Алматыда жалпы 1622 COVID-19 жағдайы тіркелгенін айтты.

«Аталған жағдайлардың барлығы провизорлық госпитальдарда карантинде болған адамдардан анықталды. Бұған дейін олар вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған. Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус індеті бойынша жағдай тұрақталды», — деді Т. Шілдебайұлы.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, соңғы күндері COVID-19 вирусына оң нәтижелер тек карантиндегі адамдардан анықталғанын, сондай-ақ, жаңа жұқтыру ошақтары тіркелмеген.

«Стационарларда коронавирустық инфекциядан 1145 адам, провизорлық госпитальдарда 404 азамат емделуде, карантинде – 329 адам және үйде оқшаулауда 15 327 азамат бар. Стационарлардағы COVID-19 вирусы бар 33 емделушінің жай-күйі – ауыр, 237 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалған науқастарда симптомсыз жеңіл түрде өтуде. Қазіргі уақытта Алматы қаласында ӨЖЖ аппаратымен емделіп жатқан науқастар да, жай-күйі аса ауыр дәрежедегі науқастар да жоқ», — деді ол.

Басқарма басшысы Алматыда аталған вирустан емделіп жатқан адамдардың басым көпшілігінде, дәлірек айтқанда, науқастардың 77%-ында бұл сырқат жеңіл түрде өтіп жатқанын, яғни халықаралық тәжірибеге сәйкес олар емдеуді қажет етпейтінін, бірақ, олар вирусты тікелей тасымалдаушы болып табылатынын ескертті.

«Аталған емделушілерге қатысты, егер үйдегі карантинге оларда тиісті жағдайлар жасалған болса, онда оларды үй карантиніне жіберу мәселелері қаралатын болады, ал егер оларға үйде тиісті жағдай жасалмаған болса, онда карантиндік стационарларда болады. Мысалы, қазіргі уақытта Алматыда ауруы жеңіл түрде жүріп жатқан 68 медицина қызметкері үй жағдайында өзін-өзі оқшаулау жолымен емдерін аяқтауға ауруханадан шығарылған», - деді спикер.

Науқас үйде оқшауланған жағдайда өзінің жай-күйі туралы тұрақты түрде есеп беріп отыруы тиіс. Егер ол өзін нашар сезінсе дереу дәрігерді шақыруы қажет болады.

Спикердің айтуынша, егер науқас үйде емделуге қалдырылса, бұл оның жай-күйін бақылауды тоқтатты дегенді білдірмейді. Оның күнделікті жағдайын емхана қызметкерлері қоңырау шалу арқылы бақылауда ұстап отырады.

Кеше коронавирустық инфекциядан 38 адам емделіп шықты. Бүгінде дертінен айығып, жазылғандардың саны 468 адамға жетіп отыр.

Мегаполисте жалпы вирус жұқтырғандар ішінен сауығып шыққан емделушілер саны бүгінгі күні 29,0%-ды, ал үй карантиніне шығарылғандарды есепке алғанда 33%-ды құрайды.

Басқарма басшысы сөзінің соңында дәрігердің сенімді серігіне айналған мейірбикелерді халықаралық мерекелерімен құттықтады. Олардың ТЖ кезінде жауапкершілік жүгін арқалай жүріп, алдыңғы шепте қызмет көрсеткенін айта келіп, отбастарына амандық, еңбектеріне табыс тіледі.

Almaty.tv.




Көрілген: 297    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.05.2020, 20:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31