Денсаулық

Алматыда жеке клиника өкілдері пациентінің мәйітін үйіне әкеп тастамақ болды

  • https://exk.kz/

    https://exk.kz/

Алматыда жеке клиникаға ем алуға келген кісі қайтыс болып кеткен. Клиника өкілдері науқастың мәйітін үйіне жеңіл көлікпен әкеліп тастап, жауапкершіліктен жалтармақ болды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

63 жастағы алматылық Күлзапия Алтеева қан қысымы жоғарылап, қант диабетімен ауыра берген соң, Алматыдағы Боткин көшесіндегі "Мама и малыш" деген медициналық орталықтан 20 күн бойы ем алып келген. Жеке клиника еміне 300 мың теңге төлеткен. Одан бөлек, созылмалы ентікпе бар деп, оған тағы қосымша ақы сұраған.

 

Құдағи күнде сол емханаға барып, емін алып жүрген. Кейде балаларының көлігімен, кейде таксимен барады. Бүгін күйеу баласы емханаға жеткізіп, әрі қарай өзі жұмысына кеткен еді, — дейді марқұмның құдашасы Рахия.

 

Бүгін Күлзапия Алтеева жеке клиникада ем қабылдап жатып, қайтыс болды. Клиника жедел жәрдем мен полиция шақырмастан, марқұмның денесін жеңіл көлікпен үйіне әкеліп, балаларына тапсыра сала тайып тұрмақ болған.

 

Біз клиника өкілінің мәйітті тастай салып қашқысы келгенін байқадық. Біз түсіріп алмадық. Ұстамадық та. Дереу полиция мен жедел жәрдемді шақырдық. 12 жарымда әкелгеннен жаңа сағат 3 жарымда мәйітханаға алып кетті, — дейді марқұмның құдашасы.

 

 

Анасының хәлі күн санап нашарлап бара жатқанын алдымен ұлы байқапты. Ол анасынан клиникада емделуден бас тартып, мемлекеттік ауруханаға көрінуді сұраған. Марқұм клиника үйіп-төккен уәделерді алдыға тартып, көнбепті. Туыстарының айтуынша, Күлзапия Алтеева ентікпемен ауырмаған. Қаны қоюланғандықтан аздап ентіккен көрінеді.

 

"Өзім мәйіттің бетін ашып қарадым. Беті мен қолынан ісікті байқадым. Өйткені, тамырлары жарылып кеткен. Мұны полиция да растап отыр", — дейді Рахия.

 

Бір қызығы, жеке клиника полицияға "жағдайы нашарлаған соң бала-шағасына хабарласып, дереу ауруханаға жеткізуді сұрадық, бірақ олар әкетпеді" деп ақпар берген. Марқұмның отбасы өздеріне ешкімнің хабарласпағанын, клиниканың өтірік айтып, ақталуға көшкенін айтады.

 

"Қазір не көп, қанды сұйылтатын дәрі көп. Олар арзан дәрілермен емдеді ме екен? Бәрі дұрыс дәрі тағайындамаудың кесірі деп білеміз", — дейді марқұмның туыстары.

 

Әзірге Express Qazaqstan тілшісі тек туыстарымен ғана хабарласа алды. Оқиғаның анық-қанығын тиісті органдардан білетін болады.

 

 

 




Көрілген: 1395    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 23:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31