Денсаулық

Алматыда қайта вакциналау қашан басталады: Қай жерден алу керек

  • Алматыда қайта вакциналау қашан басталады: Қай жерден алу керек

    Алматыда қайта вакциналау қашан басталады: Қай жерден алу керек

Алматыда коронавирусқа қарсы жаппай ревакцинация қараша айының соңында басталады. Бұл туралы Орталық қалалық клиникалық аурухана директорының орынбасары Эльвира Ибрагимова брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Спикердің сөзінше, қазір қалада ресейлік "Sputnik V", қазақстандық "QazVac" және қытайлық "Vero Cell" вакциналарымен тұрғындарды қайта вакцинациялау жоспары тұр. 

 "Бізде вакцина жеткілікті, ревакцинация қарашаның үшінші онкүндігінде басталады. Ревакцинация дегеніміз - адамдардың екпенің бірінші және екінші бөлігінен кейін алатын дозасы. Яғни, сіз алғашқы екі дозаны аласыз, содан кейін үшінші - күшейткіш дозасы салынады. Бұны ревакцинация деп атаймыз", - деді Эльвира Ибрагимова.

Сонымен қатар, ол қандай вакцинамен қайта вакциналануға болатынын айтты.

"Біз ревакцинация кезінде алдыңғы екі дозаға ұқсас вакцинаны салдыруға кеңес береміз. Бүгінгі күні бізде вакцинаның екі түрі бар: инактивацияланған және векторлық вакцина. Векторлық - "Sputnik V", қалғаны - инактивацияланған вакциналар. Бұл ретте векторлық вакцина алған адамдар - тоғыз айдан кейін инактивацияланған түрімен қайта вакциналанады, ал инактивацияланған вакцина алған адамдар - алты айдан кейін векторлық түрімен қайта вакциналанады. Үшінші дозаны кез келген емханада немесе вакцинация пунктінде алуға болады. Егер инактивацияланған дозаны алсаңыз, онда векторлық дозаны алуды ұсынамыз", - дейді спикер.

Сондай-ақ, оның айтуынша коронавирусқа қарсы ревакцинацияның алдында антиденеге тест тапсырудың қажеті жоқ. Ревакцинацияның мерзімі келгенде антидене талдауынсыз-ақ, қайта екпе алуға болады.

"Егер адамдар талдау жасатқысы келсе, оған еш қарсылық жоқ. Бірақ бұл вакцинациядан бас тартуға себеп бола алмайды. Сондықтан бұл жерде антиденелердің деңгейі маңызды емес. Вакцинаның екі компонентін алып, уақыт өте келе антидене жоқ екенін көрген азаматтарға қайта вакцина алуды ұсынамыз", - деді спикер.

Stan.kz




Көрілген: 447    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.11.2021, 16:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Желтоқсан 2021
    Ақ халатты "жезөкшелер"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31