Денсаулық

Алматыда коронавирус жұқтырған 132 науқас ілеспе диагноздан қайтыс болған

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматыда коронавирус жұқтырған 132 науқас ілеспе диагноздардан қайтыс болған. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жыл басынан бері Алматының патологоанатомиялық бюросына қала стационарларынан коронавирус инфекциясынан қайтыс болған ПТР-тест расталған – 278. ПТР-тест расталмаған 38 адам жеткізілген.

 

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіше, корононавирус жұқтырған 132 науқас созылмалы аурулардан қайтыс болған.

 

«Бірінші орында – қан айналымы жүйесінің аурулары – 64%. Екінші орында – қатерлі ісік – 10%, үшінші орында – ас қорыту органдарының аурулары, олардың үлесі – 6%, төртінші орында – тыныс алу органдарының аурулары (5%), бесінші орында – жүйке және эндокриндік жүйенің аурулары - 4%, одан әрі несеп-жыныс жүйесінің аурулары, басқа да инфекциялық аурулар бар», - деп хабарлады басқармадан.

 

Нозологиялық құрылымда расталмаған адамдардың (27) негізгі үлесін – 78% қан айналымы жүйесінің аурулары, екінші орында - 11% тыныс алу органдарының аурулары, үшінші орында - 7% неоплазмалар, төртінші орында 4% эндокриндік аурулар. Бұл санаттағы диагноз аутопсия үшін 2 жағдайда да расталады.

 

Патологоанатомиялық аутопсия жүргізілмеген жағдайларда пациенттің өліміне әкеп соққан диагноз медициналық құжаттама негізінде ақпараттық жүйелерге енгізіледі.

 

Бұл ретте емдеуші дәрігер пациенттің шағымдарын, анамнезді, клиникалық симптомдарды, жүргізілген зертханалық және аспаптық зерттеулерді ескере отырып диагноз қояды.




Көрілген: 753    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.04.2021, 07:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30