Денсаулық

Алматыда коронавирус жұқтырған үш жігіттің шәуеті тартылып қалғаны анықталды

  • © AFP 2019 / PIERRE-PHILIPPE MARCOU

    © AFP 2019 / PIERRE-PHILIPPE MARCOU

Пандемия кезінде елімізде демографиялық өсім азаюы мүмкін. Себебі коронавирус инфекциясы ерлердің бала туғызу қабілетін төмендетеді. COVID-19-бен ауырған жігіттердің басым көпшілігінде ұрық болмайды, дейді дәрігерлер.

 

Мәселен, Алматыдағы репродукциялық орталыққа келіп ем қабылдап жүрген үш жігіттің шәуеті тартылып қалған. Өйткені үшеуі де бұған дейін коронавируспен ауырыпты. Алайда мамандар ерлердің ұрығы 75 күн сайын жаңарып отырады дейді. Сондықтан COVID-19-бен ауырғандар  үш айға дейін бала туғыза алмайды деген болжам бар.

 

Ал коронавирусқа шалдыққан жүкті әйелдер арасында түсік тастау мен ерте босану жиілеген, деп хабарлады КТК.

 

Әлемдік статистикаға сүйенсек, инфекция жұқтырған жас аналардың 20 пайызы уақытынан бұрын босанған. Сондықтан осындай қиын кезеңде дәрігерлер бала сүюді жоспарламай қоя тұру керек дейді.

 

"Жас отбасы бала сүюді келесі жылға шегере тұрғаны абзал. Себебі, аяқ астынан коронавируспен ауырып қалса, қауіпті індет ұрпағына қалай әсер ететіні белгісіз. Ал 35-40-қа келіп қалғандарға жүктілікті шегерудің қажеті жоқ. Онсыз да жасы ұлғайып барады. Бірақ жеке бастың тазалығын сақтап, көшеге шықпай, қоғамдық орындарға бармай, сәби өмірге келгенше сақтанып жүру керек", - дейді Репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 409    Пікірлер: 0

жұма, 30.10.2020, 09:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30