Денсаулық

Алматыда коронавирусқа қарсы күреске 14 млрд теңге жұмсалған

  • Алматыда коронавирусқа қарсы күреске 14 млрд теңге жұмсалған

    Алматыда коронавирусқа қарсы күреске 14 млрд теңге жұмсалған

Медициналық сақтандыру қоры арқылы коронавирус пен пневмонияға қарсы күреске 71,6 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Алматы қаласы бойынша індетке қарсы күрес шараларына 14,9 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды inbusiness.kz «Медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері Алматы қаласында коронавирус инфекциясына қарсы күреске бөлінген 14,9 млрд теңгенің: - 7,8 млрд теңгесі – медицина қызметкерлеріне үстемақыға; - 5,5 млрд теңгесі – КВИ бойынша көрсетілген медициналық көмекке және індеттің таралуына жол бермеуге бағытталған іс-шараларға (карантиндік және инфекциялық стационарларда ем қабылдау – 25 мың жағдай); – 1,3 млрд теңгесі – ПЦР-диагностикаға (168 мың ПЦР тест жасалды); - 253,1 млрд теңгесі – мобильді бригадалар қызметіне (мобильді бригадалар 44,1 мың қызмет көрсеткен); - 7,4 млн теңгесі – үйдегі стационар қызметіне (1390 пациентке қызмет көрсетілген) жұмсалды, – деп жазылған хабарламада.

Филиал директорының орынбасары Жанар Кенжебаеваның айтуынша, бөлінген бюджеттің негізгі бөлігі коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы ретінде бөлінген.

Жалпы алғанда, қаңтар айында 4987 медқызметкерге 1,8 млрд теңге, ақпан айында 5365 маманға 1,9 млрд теңге қосымша ақы төленді. Наурыз айында 7202 қызметкер 2,7 млрд теңге үстемақы алған.

BAQ.KZ




Көрілген: 755    Пікірлер: 0

жұма, 21.05.2021, 10:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31