Денсаулық

Алматыда ковид жұқтырған жүкті әйел босанған соң қайтыс болды

  •  Сурет: pixabay.com

    Сурет: pixabay.com

Алматы тұрғыны жүктілік кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырып, босанғаннан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар COVID-19-дан қайтыс болған алматылық әйелдің жағдайына қатысты түсініктеме берді.

 

Емделуші К. 31 шілдеде No4 перзентханаға келіп түсті. Ауруханаға түскен күннен бастап ана мен баланың өмірін сақтап қалу үшін барлық шаралар жүзеге асырылды. Ауруханада науқасты толық клиникалық және зертханалық тексеруден өткіздік. Ем-дом шарасы COVID-19 диагнозы мен емінің клиникалық хаттамасына сәйкес жүргізілді, деп түсіндірді Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Ауруханада болған кезде науқастың үнемі дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің бақылауында болғаны айтылады. Көмек толық көлемде көрсетілді.

 

Тыныс жетіспеушілігі жоғарылауын ескере отырып, 8 тамызда жүкті әйел жан сақтау және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылды. Оның жағдайы ауырлап, 13 тамызда әйел 33 апта 5 күндік кезеңде мерзімінен бұрын босанды, нәресте тірі, - дейді басқарманың баспасөз қызметі.

 

Белгіленгендей, сол күні әйелдің жағдайы тыныс алу жетіспеушілігінің жоғарылауына және интоксикация белгілеріне байланысты нашарлаған. Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Бірақ толыққанды емдеу шаралары жүргізілсе де, оның жағдайы біртіндеп нашарлап, ақырында жүрегі тоқтады.

 

No4 перзентхана 2021 жылдың наурыз айынан бастап COVID-19 жұқтырған жүкті әйелдерге көмек көрсету үшін қосымша жасақталған. Әйелдер ауруханаға жүктіліктің әр кезеңінде және коронавирус инфекциясының әртүрлі жүруімен келіп түсіп жатыр.

 

 

 

 




Көрілген: 438    Пікірлер: 0

жұма, 10.09.2021, 18:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31