Денсаулық

Алматыда құлағында мүкісі бар балаларға кохлеарлы имплант орнатылып жатыр

  • Көрнкі фоо.  https://babycenter.kiev.ua/

    Көрнкі фоо. https://babycenter.kiev.ua/

Жоғары технологиялардың көмегімен жасалатын операциялар іштен құлағы мүкіс болып туған бүлдіршіндерге есту қабілетін қайтаруға мүмкіндік береді. Бүгінде Алматылық балалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіретін кохлеарлы имплантация қызметін кедергісіз пайдаланып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

 

Құлақтың сыртына арнайы электродтарды орнату арқылы жасалатын отаның құны орта есеппен 4,5-5 млн теңге. Мамандардың айтуынша, электронды имплант орнатылғаннан кейін құлағы мүлдем естімейтін балалардың да есту қабілетін қайтаруға болады. Аталған қызмет түрін медициналық сақтандыру пакеті есебінен тегін пайдаланып келе жатқандар арасында №5 Қалалық клиникалық аурухананың кішкентай пациенттері де бар.

 

Сақтандыру жүйесі енгізілген 2020 жылдың өзінде аталған ауруханада 84 балаға кохлеарлы имплант орнатылыды.

 

«Жалпы, есту қабілетінің оралу мерзімі кереңдік деңгейіне байланысты. Біздің пациенттеріміз ота жасалған соң бір айдан кейін-ақ ести бастайды. Алдымен тіл процессорын іске қосамыз, оларды сөйлеуге, естуге және ұғуға үйретеміз. Есту қабілетінен ерте айырылған балалар реабилитация барысында жаңа дыбыстарды тыңдауға машықтанады, тілін дамытады. Ал, сөйлеп жүріп есту қабілетінен айырылған пациенттерді оңалту бұдан күрделірек. Мұндай жағдайда реабилитация алты айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Себебі біз құлақпен емес, мимен естиміз. Пациенттер алдымен, осыны ұғынуы тиіс», - дейді №5 қалалық клиникалық аурухананың сурдология бөлімі меңгерушісі Найля Төлепбергенова.

 

Дәрігердің айтуынша, бұрын осында ота жасатқан балалар арасында музыка саласындағы сыйлықтардың лауреаттары да бар.

 

«Кохлеарлы имплант қойдырған балалар нашар естиді деуге болмайды. Мұндай балалардың өздерімен қатар бүлдіршіндерден еш айырмашылығы жоқ. Операция олардың есту қабілетін толығымен қайтаруға мүмкіндік береді. Көмек кешіктірілмей, ертерек көрсетілген жағдайда бала кәдімгі балабақшаға барады, кейін жалпы білім беретін мектепте білім алады. Біздің басты мақсатымыз да осы», - дейді дәрігер.

 

Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан сақтандырылатын жеңілдігі бар санатқа жатады. Оларға барлық қызметті, соның ішінде жоғары технологиялы көмек пен жоспарлы стоматологиялық көмекті де медициналық сақтандыру пакеті есебінен көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 2013    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.12.2020, 13:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28