Денсаулық

Алматыда науқастың туыстары жансақтау бөліміне баса-көктеп кіріп, дәрігерлерге қол жұмсаған

  • © CC0 / Lukas

    © CC0 / Lukas

Алматы қаласындағы №7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлерін науқастың туыстары соққыға жықты. Бұл ақапаратты медициналық мекеме Facebook-тегі парақшасында жариялады.


Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жансақтау бөлімінде жатқан науқастың туыстары келген. Мамандар науқасты жансақтау бөлімінде тағы бір күнге қалдырғандықтан, жақындары шу шығарыпты.


Олар мекеме қызметкерлері әкелерінің өлімін жасырып отыр деп шешсе керек.


"Біреуі санитарды металл балдақпен бірнеше рет кеуде тұсынан ұрды. Кейін аға медбикеге бас салды. Қалған туыстары бөлім меңгерушісін күтпестен, жансақтау бөліміне баса-көктеп кірді. Үстерінде тиісті киім де болмады", - деп жазады дәрігерлер.


Сондай-ақ, дәрігерлер науқастың туысқандарының өздерін балағаттап, қоқан-лоқы көрсеткенін айтады.


"Мән-жайды түсіндіруге тырысқан дәрігеріміз, профессор, медицина ғылымдарының докторын балағаттады", - деп жазады аурухана әкімшілігі.


Дәрігерлер науқастың туыстарын сотқа беруді жоспарлап отыр.


sputnik


 




Көрілген: 554    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.09.2019, 10:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30