Алматыда омикрон штамы пайда болды

30 желтоқсан 2021, 19:43

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қаладағы эпидахуалға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, соңғы бірнеше күнде ауырғандар саны екі есеге өскен.

Әкім орынбасары мұны омикрон штамымен байланыстырады, деп хабарлайды Экспресс К.

 

Алматыда омикрон пайда болды. Өйткені бірнеше күн бұрын ауырғандардың саны 30 болса, қазір ол екі есеге өскен. Сондықтан әкімдік пен қалалық COVID-19-ға қарсы күрес штабы барша алматылықтарды сақ болуға шақырады, — деді Ержан Бабақұмаров.