Денсаулық

Алматыда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім деңгейі төмендеді

  • Алматыда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім деңгейі төмендеді

    Алматыда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім деңгейі төмендеді

Алматыда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім деңгейі 10%-ға дейін төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онкологиялық орталықтың бас дәрігері Нұрсұлтан Ізбағамбетовтің айтуынша, 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мегаполисте өлім-жітім 10%-ға дейін төмендеді.

«Алматыда онкологиялық аурулар ерте кезеңде жиі анықтала бастады. Қатерлі жаңа өскіндерді, соның ішінде, Ковид-19 инфекциясы бар пациенттерді КТ-ға жіберу есебінен ерте бастан диагностикалау ұлғайды. Өлімнің төмендеуі Алматы қаласындағы онкологиялық аурумен ауратындарды емдеуді толығымен қамтуға байланысты. Жыл басынан бері Орталықта 13 мың пациент емделіп шықты, бұл дегеніміз, өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға дейін жоғарылау»,- дейді дәрігер.

Биыл онкологиялық ауруға шалдыққан 3317 пациент есепке алынды.

Статистикалық деректер бойынша Алматы қаласында сырқаттанушылық құрылымында бірінші орында сүт безі обыры, екінші орында колоректальды обыр, үшінші орында өкпе обыры, төртінші орында- асқазанның қатерлі ісігі, бесінші орында аналық бездің қатерлі ісігі тұр.

«30 қатерлі ісігінің 5 нозологиясы 55 пайызы, яғни жартысы өлімге әкеп соғады. Оны төмендету үшін, барлық диагностикалық және емдеу шараларын мегаполисімізде қатерлі өскіндерден орын алатын өлім-салдары рейтингі басында тұрған 5 нозологияны емдеуге белсенді түрде бағыттауымыз қажет», - деді Нұрсұлтан Ізбағамбетов.

Сонымен қатар, ол орталыққа науқастар еліміздің барлық аймағынан келетінін тілге тиек етті.

«Бүгінгі күні еліміздің басқа аймақтарынан келген 560 онклогиялық аурумен ауыратындар қайта тіркелді, бұл дегеніміз, өткен жылмен қарағанда екі есеге өскендігін көрсетеді. Олардың арасында, өкінішке орай әр 5-пациент асқынған қатерлі ісікпен медициналық көмекке жүгінген»,- дейді дәрігер.

Маман халықты скринингтік тексеруден өтуге шақырады.

«Алматы қаласының тұрғындарын бекітілген қала емханалары бойынша тегін скринингтен өтуге шақырамыз. Скринингтен өту - бұл симптомсыз қатерлі ісік ауруын ерте кезеңде анықтаудың тиімді әдісі. Өйткені науқасқа ем неғұрлым ерте тағайындалса, толық сауығу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады», - деп атап өтті Нұрсұлтан Ізбағамбетов.




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

жұма, 08.10.2021, 09:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31